Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жасады.

2018 жылдың 6 ақпанында Жезқазған политехникалық колледжінің ТС-41 тобы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтарындағы халыққа жолдауын талдап, өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Елбасымыз айтқан дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымен танысты. Елбасы «Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар. Тек мына міндеттерді шешуге жұмылдыруымыз керек.» Ол үшін қажетті 10 міндетті белгілеп берген болатын.

БІРІНШІ. Индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Топ студенттері Елбасы жолдауын талдап, күнделікті ағымдағы өмірмен байланыстырып, ел болашағы үшін өздері қосқан үлестерін, болашаққа нық сеніммен қарайтындарын айтып жеткізді. Іс-шара барынша әсерлі өтті.













Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!