ЖЕЗКАЗГАНСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

100600, КАРАГАНДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ, ГОРОД ЖЕЗКАЗГАН, УЛИЦА БАЙКОНУРОВА 19, 8(7102) 76-26-55, 76-13-57

01.04,2020 ҚМКК «Жезқазған политехникалық колледжі»

ҚМКК «Жезқазған политехникалық колледжі»

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев қиын — қыстау кезеңде халқымызды ауыр жағдайда қалдырмау мақсатында елдің қамын ойлап, алдын ала сақтық шараларын ұйымдастырып, жалғыз басты аналар, жағдайы төмен отбасылары, уақытша жұмыссыз қалған жандарға көмек көрсетуді бастады. Осыған орай зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 % көбейтілмек.

Мемлекет басшысы бұл көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға, табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы 42500 теңге мөлшерінде төленетінін атап көрсетті.

Халықтың әл — ауқатын арттыру және әлеуметтік – экономикалық дағдарысты болдырмау, қазіргі жағдайға байланысты бейімделуіміз үшін өзекті іс – шаралар жүзеге асырылатынын атап айтты.

Қиындық туындап тұрған кезеңде тұғыры биік, рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік ел бола тұрып, шыдамдылық пен төзімділік танытып, бәріміз бірге болып, бұл індеттен құтылып, алдағы уақытта жайдарлы, шуақты күндерімізге бірлесіп қол жеткізетінімізге сенім білдірді.

Мемлекет басшысының басқаруымен жасалып жатқан игі шараларымен еліміздің бірлігінің арқасында дүниежүзінде болып жатқан ауыр кезеңдерден сүрінбей өтетінімізге сенімдіміз.

Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Сарсенбаева С.Б.

RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Загрузка...